Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды

Бүгін, 12:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Павлодарда туған анасы бесінші қабаттан лақтырып жіберген екі баланың бірі көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бала өлімі туралы Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова Instagram-парақшасындағы стористе хабарлады.

"Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, кішкентай ұлдың жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды ол.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық балалар ауруханасы да растады. Онда дәрігерлер екі күн бойы сәбидің өмірі үшін күрескен.

"1 тамызда баланың жағдайы (2024 жылы туған - еск.) күн бойы өте ауыр және тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлап, сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. 20:40-та қайтыс болғаны расталды", – деп хабарлады аурухана өкілдері.