2 тамызда еліміздің көп өңірінде қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей өңірлерде дауыл тұрып, күн бұзылуы ықтимал, деп жазады turkystan.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жарнама
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысынның оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 02 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 тамызда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 02 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.