132 жастағы ең қарт тұрғын Ходи Гюркан дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Stan.kz хабарлауынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Бинекли ауылында 1894 жылы 1 шілдеде дүниеге келген Ходи Гюркан есімді қария көз жұмды. Ол өмірінің соңына дейін туған ауылында, өз үйінде тұрған.
Гюркан үш түрлі тарихи кезеңнің – Осман империясы, Түркия Республикасы құрылуы және қазіргі замандағы Түркияның куәсі болған.
Марқұмның артында жеті баласы, 110 немересі және көптеген шөберелері қалды. Жерлеу рәсімі туған ауылындағы зиратта өтті, оған туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мамандар оның ұзақ өмір сүруін генетикалық факторлармен, ауылдық өмір салтымен және Жерорта теңізі тағам үлгісімен түсіндіреді. Алайда Гиннестің рекордтар кітабы оның жасын ресми түрде растаған жоқ.
Егер оның туған жылы расталса, ол қазіргі таңда әлемдегі ең ұзақ жасаған адам болып танылар еді. Қазіргі рекорд Испаниялық 116 жастағы Мария Браньяс Морераға тиесілі.