Испанияда демалысқа аттанған ата-ана баласын әуежайда қалдырып кеткен

1 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: oxu.az

Ата-анасы мерзімі өткен төлқұжат үшін 10 жастағы баласын әуежайда қалдырып, демалуға кетіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Испанияның Барселона қаласындағы Эль-Прат халықаралық әуежайында болған. Туристер отбасы тексеру кезінде балаларының төлқұжатының мерзімі өтіп кеткенін анықтаған. Ұшаққа отыруға рұқсат берілмегеніне қарамастан, ата-анасы жоспарынан бас тартпаған – олар ұлын әуежайда туыстарын күтуге қалдырып, өздері рейспен ұшып кеткен.

Кішкентай баланы әуежай қызметкерлері байқап қалып, полицияға хабарлаған. "Ол полицияға ата-анасы отанына ұшып кеткенін айтты", – деп жазды әуе диспетчері әлеуметтік желіде.

Полиция саяхатшыларды тауып, ұлымен бірге бөлімшеге жеткізген. Ерлі-зайыптының қамауға алынғаны жайлы ақпарат нақтыланбаған.

Тэгтер:

Әуежай Испания