Қазақстандық спортшы 10 жылдан кейін алғаш рет костюм киді

1 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов елге ерекше жаңалығын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«10 жылдан кейін бірінші рет костюм шалбар киіп тұрмын. Аллаға шүкір», - деп жазды экс-спортшы әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары оған жағымды пікір қалдырған.

«Зың болып тұр, ағасы», «Алмас інім, аман жүр! Сен үшін қуаныштымыз!», «Адалдықты, шындықты жақсы көретін Алмасжан», - деп жазды олар.

Тэгтер:

Қазақстан Алмас Өтешов