«Өлген баламды жерлейтін жер таппадым»: Жалғызбасты ана жанына батқан жайды айтты (ВИДЕО)

1 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

«Бетперделі жігіт» лақапатымен танылған белгісіз қайырымды жігіт Әниза есімді жалғыз басты анаға ерекше сый жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ортаншы баламның көзі көрмейді әрі аутизммен ауырады. Арқалап алып жүремін. Кешкілік тойхананың ішін тазалаймын. Ал үлкен қызымды бір топ адам көшеде зорлап кеткен. Салдарынан психологиялық жарақат алды. Айғайлап-шулап бөлмесінен шықпайды. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Өмірдегі ең ауыр сәт — жүрегі тесік болып туылған балам жан тәсілім еткенде қайда апарып, қай жерге қалай көметінімді білмей дағдарған кезім еді», - деп жанарына жас алды бес қызды жалғыз бағып отырған ана.

Оның оқиғасын тыңдаған «Бетперделі жігіт» жалғызбасты анаға қызының ем алуына атсалысатынын және кәсіп ашуға көмек беретінін айтты. Сондай-ақ оған баспананың кілтін табыс етті.

Тэгтер:

Баспана бетперделі жігіт