Ертіс өзенінде аударылып кеткен балықшыларға ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгін Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінде балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып қалды. Қайық ішінде екі ер адам болған. Оқиға жағалаудан шамамен 200 метр қашықтықта болған.
«Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті. 40 жастағы балықшылардың бірі жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. 50 жастағы екінші азаматты құтқарушылар судан аман-есен жағаға алып шықты. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды», - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.