Астанада автобустың артына жабысып алған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

1 тамыз, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің автобустың артқы бөлігіне жармасып, осылайша Астананың көшелерінде бірнеше аялдамаға дейін жүргені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға №58 бағытында болған. Кадрларда жасөспірімдердің қозғалыстағы автобустың сыртқы артқы жағында ілініп тұрғаны, өздерін де, басқа жол қозғалысына қатысушыларды да қауіпке душар еткені көрінеді.

«Сарыарқа ауданының полиция басқармасы аталған факті бойынша шаралар жүргізуде. Оған қатысты тұлғалардың жеке басы анықталып, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Автобус Жасөспірім