Ұлттық банк бір күнде 125,6 млн долларға интервенция жасады

1 тамыз, 2025 / Алуа Арман
Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамын тұрақтандыру үшін бір күнде 125,6 млн АҚШ долларын валюталық интервенцияларға жұмсады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банк мәлімдегендей, бұл араласу «спекулятивті белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге» мүмкіндік берді. Сонымен қатар, реттеуші ірі көлемдегі валюталық құйылымдарға қарамастан, әлі де «нарықтық бейтараптық» саясатын ұстанып отырғанын атап өтті.

Ал шілде айында валюта нарығындағы жалпы сауда көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, ал орташа тәуліктік көлем 260 млн долларға дейін өсті. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатын белсенді пайдаланды: бір ай ішінде қордан 700 млн доллар сатылды – бұл тәулігіне шамамен 32 млн доллар. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттерге және инфрақұрылымдық жобаларды, атап айтқанда «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын қаржыландыруға бағытталды.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату аясында тағы шамамен 450 млн доллар сатылды.

БЖЗҚ-ның валюталық активтерінің мақсатты үлесінен (40%-дан астам) асуына байланысты тамызда зейнетақы қаражаты есебінен валюта сатып алу жоспарланбайды. Ал шілде айында зейнетақы активтерінің портфелін теңгеру аясында 35 млн доллар сатып алынды – бұл жалпы сауда көлемінің 1%-дан азын құрайды.

Тамызда Ұлттық қордан 400-ден 500 млн долларға дейін валютаны сату жоспарланып отыр.

Тэгтер:

Доллар Ұлттық банк теңге интервенция