Қазақстан шекарасында бір айда заң бұзған 4725 адам ұсталған

1 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

ҰҚК Шекара қызметі шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 725 адамды ұстады. Оның 4 132-і шетел азаматы, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 462 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

60 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;

25 факті – діни әдебиет (627 дана);

524 факті – жалпы мөлшері 35 тоннаға жуық жанар-жағармай материалдары;

682 факті – жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

171 факті – жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 51 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:

14 дана - жүзу құралдары;

шамамен 20 км - торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары.

Алды алынған залал сомасы шамамен 116 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Тэгтер:

ҰҚК шекара заң бұзу