Асқар Мырзахметов: Көктемгі егіс науқаны жоспарға сай өтеді

Асқар Мырзахметов: Көктемгі егіс науқаны жоспарға сай өтеді

Асқар Мырзахметов: Көктемгі егіс науқаны жоспарға сай өтеді
ашық дереккөзі
Қарызға белшесінен батқан агрохолдингтердің мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды, – деп хабарлайды 31-арна. Еліміздегі қарызға батқан астық егушілер биыл банкротқа ұшырап қалса, жағдайдың қиын болуы мүмкін екендігіне көпшілік алаңдаушылық білдірген-ді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да алаңдаған. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов көктемгі егіс науқаны жоспарға сай өтеді деп уәде беруде. Арнаның хабарлауынша, осыдан 2 ай бұрын Президент 3 агрохолдингтің  мәселесін шешу үшін  үкіметке тапсырма берген. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, содан бері  қарыз берген ұйымдармен бірлесіп, бірнеше кездесу өтіпті. Соның барысында, түйткілдің түйінін тарқатудың  жолдары қарастырылған. Кеңесе келе, холдингтерді сауықтыру шараларын жалғастыру туралы шешім қабылданыпты. Алайда министр "Казэкспортастык", "Иволга" және "Әліби-агро" компанияларының қарыздары қанша екендігі жөнінде нақты айта алмады. «Бірнеше банктің несиесі болғаннан кейін сол банктің өкілдерінен кеңес құру және несие берушілердің кеңесін құрып, агрохолдингке кіретін әрбір шаруашылыққа байланысты арнайы қаржылық модельді бекіту туралы  шешім қабылданды. Әрбір мәселенің нақты жоспары бекітілді», – дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.