Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің отбасында ерекше стильдегі құдалық өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін әншінің жалғыз қарындасы Раушан Құдайбергеннің тұрмысқа шығатыны хабарланған. Раушанның таңдауы Ермахан Аймахан есімді актер жігітке түскен.
Жаңа құда-құдағилар Ермахан мен Раушанның құдалығын ерекше этно стильде өткізді. Шымкенттік құдалар Раушанға сырға салған.
Желі қолданушылары жаппай ақ тілегін жаудырып, жылы лебіздерін жеткізіп, жастарға бақыт тілеп жатыр.