30 шілде күні кешкісін 1,5 жастағы баланың жағдайы нашарлаған. Ішінде қан кету күшейген. Соған байланысты дәрігерлер зақымданған сол жақ бүйрегін алып тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
— Операциядан кейінгі ерте кезеңде жүрек тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар нәтижесінде жүрек қызметі қайта қалпына келтірілді. Баланың жағдайы әлі де өте ауыр, тұрақсыз. Тыныс алу аппарат арқылы дем алып жатыр, — деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.
2017 жылы туған екінші баланың жағдайы тұрақты ауыр. Есі анық, өздігінен тыныс алады.
Еске салайық, 30 шілде сағат 13:00-де әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып, соңынан өзі секіріп кеткен.
Кейін полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.