«Боқ ауыз сөздерімен айқай салды»: Мөлдір Әуелбекова ер адамдарды сынап тастады

31 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына өтініш айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әйелге дауыс көтеретін еркектер әрекеттерін сынап тастады.

«Еркектің ішіндегі ездерге арналады. Көлігімді кіреберіс алдына әкеліп, ауыр чемодандарды багажға салып жатсам, артынан көлік келіп, қайта қайта сигналын басып, терезесін ашып, «неғып тұрсың, кетсей былай» деп боқ ауыз сөздерімен айқай салды. Еркек атаулыңнан айналдым. Қыз баласын затын сала алмай тұрғаны үшін боқтаудың орнына, шығып көмектесе салсаң нең кетер еді? Ездер, ер болуды үйреніңдерші, өтініш!», – деп жазды әнші.

Тэгтер:

әнші Мөлдір Әуелбекова ер сын