«Кішкентай ханзада»: Абай Бегейдің қызы сүйінші жаңалығын жариялады

31 шілде, 2025 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан екінші қызы Сымбат сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жұбайымен бірге «Гендер пати» өткізген. Жас жұбайлар тұңғыш сәбилерін күтіп жүр.

«Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі — енді кішкентай ХАНЗАДА!», – деп жазған ол.

Желі қолданушылары болса оған аман-есен аяқ-қолын бауырына алуын тілеп жатыр.

 

Тэгтер:

сәби Абай Бегей сүйінші жүктілік жаңалық ханзада