Қызылорда облыстық полиция департаменті 20 жыл құлдықта болған отбасыға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция тарапынан адам саудасының құрбанына айналған отбасыға көмек көрсетілген.
«Қазалы ауданының тұрғыны Жалғасбаев Ақсуат ауылына қарасты Итжемес деген жерде аудан тұрғыны отбасымен бірге өзіне 20 жылдай малын күштеп бақтырғанын көрсеткен. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушінің өтініші бойынша өзі және оның отбасы құрамы қорғауға алынды. Ішкі істер органының қызметкерлері тәулік бойы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті», - деді департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Шопанов.
Жыл басынан бері жергілікті шаруа қожалықтарында адамның құқықтары мен бостандықтарын таптау немесе шектеу деректері тіркелмеген.