Бүгін бір қалада ауа сапасы төмендейді

31 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

– 2025 жылғы 31 шілдеде түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.