Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

30 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.

Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.

Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы Семсерлесу жартылай финал