Қазақстанда күн күрт суытады

30 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері 31 шілдеге, сондай-ақ 1 және 2 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Циклонның әсерінен Қазақстанда жаздың ыстық күндерін жаңбырлы күндер алмастырып жатыр. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады.

«Алдағы күндері циклон жылдамдығының төмен болуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз әсерін сақтап қалады – жаңбыр жауады, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, жекелеген аймақтарда бұршақ түсуі мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.

2 тамыздан бастап солтүстік антициклонның ығысумен байланысты Қазақстанда ауа райы жағдайы айтарлықтай өзгереді. Атмосфералық қысым көтеріле бастайды, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, елдің басым бөлігінде құрғақ ауа райы қалыптасады. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура айтарлықтай төмендейді — +15…+20 градусқа дейін.

Тэгтер:

Найзағай ауа райы Қазгидромет Жаңбыр күн суытады