Каспийде тағы да жер сілкінді

30 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

29 шілде күні Каспий теңізінде биылғы жыл басынан бергі 19-шы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәлімдеді.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0 балл. Ол 13 шақырым тереңдікте болған.

Жер қыртысының дүмпуі Ақтаудан шамамен 363 шақырым қашықтықта болған.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40°25′48″, шығыс бойлық бойынша 51°36′0″. 

Тэгтер:

Жер сілкінісі Каспий теңізі