Астанада 50 көше жөнделеді

30 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада 50 көше жөндеуден өтетін туралы мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Елордада көктем мезгілінен бастап абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу жұмысына кірістік. Мәселен, биыл шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Сонымен қатар қала аумағын абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл тағы 1 миллионнан астам жасыл желек (көшет, бұта, ағаш және т.б.) отырғызу жоспарланған.

Сол сияқты жол жөндеу және салу жұмысы да жүріп жатыр. Биыл шамамен 12,5 шақырым жаңа жол салынып, жалпы ұзындығы 58 шақырым болатын 50-ге жуық көше жөнделеді. Бұл жол сапасын арттырып, көлік желісіне түсетін жүктемені азайтуға және қозғалыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жол жұмысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр», –деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Негізгі нысандардың бірі:

Әкімнің айтуынша, бүгінгі жағдай бойынша жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 32 көшеде жөндеу жұмысы толық аяқталды. Қазір ұзындығы 12,5 шақырым болатын тағы 9 көшеде жөндеу-құрылыс жұмысы белсенді жүріп жатыр.

Қазіргі таңда жөндеу жұмысы жүргізілген көшелер:

Тэгтер:

Астана Көше жөндеу