Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған.
Сот отырысында бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, Ахметов 24 шілде күні сағат 17:30 шамасында «Нұр Ғасыр» мешітінің алдында, қоғамдық орында, бейтаныс қызға жыныстық сипаттағы ұсыныстар айтып, мазасын алған.
Сот отырысында Т. Ахметов өз кінәсін ішінара мойындады.
— Талғат Ахметовті ҚР ӘҚБтК 449-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалсын. Әкімшілік қамау мерзімі 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап есептеледі, — деді судья А. Бисеналина.