Мектеп директорының орынбасары көршісінің әшекейлерін ұрлап, базарға апарып сатқан

29 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

23 шілдеде Шу ауданының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне арызданған. Белгісіз адам терезе арқылы оның үйіне кіріп, алтын әшекейлер мен ақшасын ұрлап кеткен. Жалпы залал 2,9 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті 33 жастағы тұрғын, ауылдық мектептердің бірінде директордың орынбасары болып шықты. Тінту барысында одан жәбірленушіге тиесілі ақша мен зергерлік бұйымдар тәркіленді.

«Ұсталған адам жасаған қылмысын мойындады. Тергеу барысында оның осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жалпы шығын көлемі шамамен 3 миллион 450 мың теңгені құрады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

ұрлық Шу әшекей