Жантүршігерлік жол апаты 29 шілде күні таңертең Бозтаев – Первомайская көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі айналма жолға қарай бара жатқан кезде Toyota Highlander маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Hyundai көлігін Абай облысы полиция департаментінің екінші бөлімінің бастығы, 1983 жылы туған полиция подполковнигі Дамир Туражанов тізгіндеген. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Жолаушысы, жасы 30-35 шамасындағы ер адам, жедел жәрдем көлігімен Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға ес-түссіз жеткізілді.
Toyota Highlander жүргізушісі зардап шекпеген.