Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі табылды

29 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт екі күннен кейін өлі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды марқұмның әпкесі Диана Айдархан мәлімдеді.

«Біз Аланнан айырылып қалдық», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Диана туысқаны жоғалғаны туралы Threads желісінде хабарлаған еді.

Еске сала кетйеік, бұған дейін Алан есімді жігіт 27 шілде күні таңертең Медеу жақтан Жастар шыңына қарай кетіп, содан бері байланысқа шықпағаы туралы жазған едік.

Тэгтер:

Алматы Жігіт мәйіт тау 20 жас Алан