«Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды.
Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді.
Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі болып табылады және бұл бағыттағы қадағалау жұмыстарын прокуратура тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.