Қазақстанда алғаш рет жүзуден Әлем кубогі өтеді

29 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші кезең Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады.

Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.

Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады.

Әлем кубогінің барлық кезеңдерінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.

Тэгтер:

Жүзу әлем кубогі