Шығыс Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

29 шілде, 2025 / Алуа Арман
Фото: Устинка LIVE

Жантүршігерлік жол апаты 28 шілде күні сағат 16:00 шамасында Өскемен – Рахманов қайнарлары автожолының 54-шақырымында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол Алтайдан Өскемен бағытына келе жатқан SHACMAN маркалы басқа ірі көлікпен соқтығысқан. HOWO жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. SHACMAN жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді ведомство.

Полиция осындай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды және рельефі күрделі учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау маңызды екенін ескертеді.

Тэгтер:

Жүк көлігі Жол апаты Шығыс Қазақстан