Ламалар шизофрения мен ми ауруларын емдеуге көмектесуі мүмкін – ғалымдар ерекше вакцина жасап шығарды

29 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар ламалардың иммундық жүйесінен ерекше «наноденелер» жасап, оларды ми ауруларын емдеуге бағытталған вакцина дайындауға қолданды. Бұл кішкентай молекулалар миға тікелей еніп, нейрондардың жұмысын қалпына келтіруге қабілетті, - деп хабарлайды turkystan.kz independent.co.uk-ге сілтеме жасап.

Бұрын миға мұндай дәрілік заттардың жетуі өте қиын болатын. Ал жаңа тәсіл бұл кедергіні жеңуге мүмкіндік беріп отыр.

Зерттеу нәтижесінде бір ғана инъекция когнитивті функцияларды бір аптаға дейін қалпына келтіре алған. Әзірге тәжірибе тек тышқандарда жүргізілді, алайда ғалымдар жақын арада адамдарға арналған клиникалық сынақтарды бастауды жоспарлап отыр.

Тэгтер:

Вакцина шизофрения лама