Сорбұлақ су қоймасынан жоғалған тікұшақтың қалдықтары табылды

28 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Сорбұлақ су қоймасы аймағында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Сорбұлақ су қоймасы ауданында іздеу-құтқару операциясы 28 шілде күні таңертең де жалғасқан.

"Сағат 04:30-дан бастап су беті мен жағалау маңын тексеру жүргізілді, сонымен бірге ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды пайдалану арқылы аймақта ұшу жүргізілді. Іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында жағалаудың оңтүстік бөлігін жердегі және судағы топтар қосымша іздеді. Аймақты жан-жақты қарау үшін су айлағы шартты түрде секторларға бөлінген. Суға 13 бірлік жүзу құралы жұмылдырылып, түбін тексеруге арнайы техникалық құралдар пайдаланылуда. Күні бойы операция жүргізілетін ауданға басқа өңірлерден қосымша күш-құралдар жеткізілді. Оның ішінде Қонаев қаласынан – іздеу бөлімшесі, оған қоса Ақтау қаласынан – А-400 әскери-көлік ұшағымен жеткізілген жеке құрам мен техника да бар. Құрамында су айдынының жету қиын учаскелерін зерттеуге арналған сүңгуірлік жабдықтар, эхолоттар, катер мен қайық та бар. Операцияларға қосымша бес әскери бөлімнің күш-құралдары тартылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда. Іздеу шаралары барысында тікұшақтың қалдықтары табылды. Оларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Операция күрделі гидрография жағдайында өтуде. Соған қарамастан, барлық жұмылған бөлімшелер жүктелген міндеттерді барынша дәл және үйлесімді орындауды жалғастыруда", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.
 

Тэгтер:

Сорбұлақ тұкұшақ