Қазақстан құрамасы дзюдодан Моңғолияда өткен турнирде жүлдесіз қалды

28 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam сериясындағы ірі халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған додада ел намысын сегіз спортшы қорғады. Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.

Командадағы ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) пен Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін) көрсетті. Екеуі де турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Ал Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жетінші орынды қанағат тұтты.

Тэгтер:

Турнир Қазақстан құрамасы дзюдо Моңғолия