Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын-ала тыңдау аяқталды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Айыпталушы Ернар Жиенбай сот залына конвоймен жеткізілді. Жәбірленуші бұл отырысқа қатысқан жоқ, оның мүддесін адвокат қорғады.
Прокурор айыптау қорытындысын жариялады. Онда айыпталушы шенеунікке аңшы мылтығынан бес рет оқ атқаны және бақылау үшін тағы оқ атуға әрекет жасағаны, алайда оқ-дәрісі таусылғаны көрсетілген.
Келесі отырыс 6 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді. Сот Руслан Берденовтің жеке қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.