Дәрігерлер Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласының жағдайы туралы айтты

Бүгін, 11:37 / Алуа Арман
Ғаламтор

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Шавкат Рахмоновтың келіншегі мен баласының жергілікті аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылған, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Оларға жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы диагнозы қойылған.

«Рахмоновтар алдын ала қойылған диагнозбен – жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы – травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауырлықта. Емдеу клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады басқарма.

Спортшының отбасы дәрігерлердің бақылауында, және аурухана өкілдерінің айтуынша, қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, кеше танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы тізгіндеген көлік жол апатына ұшыраған болатын. Көлікте үш жасар ұлы мен екі құрбысы болған. Ұлы аман қалып, 35 және 39 жастағы екі құрбысы көз жұмған.

Тэгтер:

Жол апаты Шавкат Рахмонов