Ақтау тұрғыны бұрынғы «Нұр плаза» демалыс базасының маңында дөңгелектерін жуу үшін автокөлігін Каспий теңізіне дейін айдап барған, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Осы әрекеті үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) және 597-бабы (Көлік құралдарын тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды.
Енді оған бірден екі айыппұл салынуы мүмкін: 20 АЕК (78 640 теңге) және 5 АЕК (19 660 теңге).