Оқу-ағарту министрлігі 2025/2026 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілуін әр мектептің педагогикалық кеңесі өз бетінше анықтайды.
Қазақстандағы 2025/2026 оқу жылына арналған мектеп демалыстарының кестесі:
1-тоқсан: 8 апта, 2 қыркүйектен басталады. Күзгі демалыс — 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (7 күнтізбелік күн).
2-тоқсан: 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс — 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (10 күнтізбелік күн).
1-сыныптарға қосымша демалыс: 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (7 күнтізбелік күн).
3-тоқсан: 10 апта. Көктемгі демалыс — 2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында (11 күнтізбелік күн).
4-тоқсан: 8 апта, аяқталуы — 2026 жылғы 25 мамыр.