Головкин Сондерспен кездесуден бас тартпақ

Головкин Сондерспен кездесуден бас тартпақ

Головкин Сондерспен кездесуден бас тартпақ
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасу үшін маусым айында өтуі тиіс болған ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды 24.kz арнасы Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Бұған дейін WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сондерспен  келіссөздер жүргізгені туралы ақпараттық құралдар жарыса жазған-ды. Головкин мен Сондерс арасындағы жекпе-жек Қазақстанда 10 маусымға белгіленген болатын. Бірақ қазір «Геннадий Головкин қыркүйек айында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жек үшін маусымдағы кездесуден бас тартып отыр» деген ақпараттар таралуда.  24.kz арнасының хабарлауынша, тараптар қазіргі уақытта келіссөздер жүргізу үстінде. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен келіссөздердің созылып кетуін Головкиннің жарақат алуымен байланыстырған еді. Алайда Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес бұл мәліметті жоққа шығарды. Ал «Канелоның» промоутері Оскар Де Ла Хойя болса, Головкиннің маусымда жекпе-жек өткізу туралы жоспарын қолдамайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Промоутердің айтуынша, Головкин маусымда өтетін кездесуде жарақат алып қалып, қыркүйекте мексикалықпен жұдырықтаса алмай қалуы мүмкін.