Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел құлап кетті

Бүгін, 09:03 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматы облысында парапланмен ұшып бара жатқан әйел құлап, төтенше жағдайлар қызметінің күшімен аман-есен эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болды.

ТЖМ мәліметінше, 1985 жылы туған әйел әуеге көтерілген соң, белгісіз себептермен биіктіктен құлаған. Құтқару жұмыстарына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) жұмылдырылды. Мамандар шатқалға жедел жетіп, зардап шегушіні тау бөктерінен тапты.

Құтқарушылар әйелді зембілге жатқызып, қиын рельефті жермен 500 метр қашықтықта орналасқан жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді. Кейін ол медицина қызметкерлерінің қарауына берілді, - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел парапланмен ұшуға арналған қауіпсіздік шараларын сақтамауы мүмкін.

ТЖМ өкілдері тұрғындарды экстремалды спорт түрлерімен айналысқанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

Алматы облысы Әйел параплан