«Бір ұл, бір қызы бар»: жоғалған тікұшақтағы экипаж мүшелері туралы туыстары айтты

Бүгін, 05:02 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Sputnik.kz

Алматы облысында жоғалған тікұшақ пен бортта болған экипаж мүшелері әлі табылған жоқ. Олар туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне туыстары айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бортта болған экипаж мүшелерінің бірі - Бахтияр Ержігітовтың 15 жылдық тәжірибесі бар маман. Павлодар облысының тумасы.

"11 сыныпты бітіре салып, Ақтөбедегі әскери оқу орнына түскен. Жасы 32-де. Оқу бітіргелі өз мамандығымен еңбек етіп келеді. Оқуды борт механик-инженер мамандығымен бітірген", - дейді қарындасы Аймереке Бегімова.

Бахтияр Ержігітов отбасындағы жалғыз ұл. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар. Ұлы 4, қызы 2 жаста. Ата-анасы мен әйелі Бахтиярдың жолын тосып, күндіз-түні ұйқыдан қалған.
Бахтияр Ержігітов пен бірге тікұшақта болғандар - Аман Амангелді, Нұржігіт Үйсінбаев.

Айта кетейік, үш әскери қызметкер Жетігендегі әскери мекемеде еңбек еткен. Жоғалған әскери қызметкерлердің туыстары президенттен жоғалғандарды табуға көмек беруін сұрады.