Эрдоған: Еуропа түрік халқына қарсы жасағанына жауап береді
Эрдоған: Еуропа түрік халқына қарсы жасағанына жауап береді
Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоған Еуропаға ашу-ызасын көрсетіп, Анкараның Еуропалық одаққа қосылу жөніндегі өтінішін қайта қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Эрдоған "Еуропа түрік халқына қарсы жасағанына жауап береді" деді. 9 сәуірде Измирде сөйлеген сөзінде Эрдоған 16 сәуірде Түркияда президенттің құзыретін кеңейту жөніндегі референдум өткеннен кейін, Еуропа мәселесіне қайта оралатынын мәлімдеді. Түркия президенті Еуропаны «ауру адамға» теңеді. Бұл теңеуді 19 ғасырда еуропалық саясаткерлер құлап бара жатқан Осман империясына қарсы айтқан.
Әділдік және даму консервативті ислам партиясының негізін құрған Эрдоған 2003 жылы ел премьер-министрі болды. Бұл қызметте ол 2014 жылға дейін, президент болғанға дейін істеді. Эрдоған Түркияны парламенттік республикадан президенттік мемлекетке айналдыруды мақсат тұтатынын мәлімдеген. Осы мәселе алдағы референдумда қойылып отыр.
Батыс елдері Эрдоғанды билікті бір адамның қолына көшірмекші деп айыптайды. Сондай-ақ, Еуропа Түркия президентін 2016 жылы шілде айында елде төңкеріс жасамақ болды деп оппозицияны қудалағаны үшін айыптайды.