СҚО-да қарт жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалды

Бүгін, 00:32 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Солтүстік Қазақстан облсының Ақжар ауданында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жол апаты Талшық ауылы маңындағы республикалық жолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

Көлік жолдан шығып кетіп, жыраға аударылып кеткен. Құтқарушылардың айтуынша 1962 жылы туған жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалған.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен зардап шеккен азаматты көліктен алып шықты», - деп жазылған хабарламада.

Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы қазір белгісіз.