Париждегі жеңісімді Лос-Анджелесте қайталағым келеді – Елдос Сметов

Бүгін, 01:25 / Дана Ізтілеуова
Жеке парақшасынан

Тура бір жыл бұрын Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметов желіде жазба жариялап, бұл жетістігін келесі Олимпиада ойындарында қайталағысы келетінін айтты.

"Бүгін – мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді.

Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы.

Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекплге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін!

Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым.

Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Иншалла, келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын", – делінген жазбада.

Тэгтер:

Париж Олимпиадасы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы Лос-Анджелес Олимпиадасы