Қостанайда жол апатын жасаған мас жүргізуші ұсталды

Бүгін, 17:19 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ПД

Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды.

"Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Мас жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған", - дейді ведомство.

Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған.

"Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды", - дейді полиция.