Қазақстан Ұлттық банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Монетаны 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
Монета күмістен жасалған
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана, - деп жазылған хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.