Аптап ыстық: Ертең елімізде ауа райы қандай болады

26 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер 27 шілдеде елордада, Шымкентте және Қазақстанның 17 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Елімізде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда найзағай ойнайды, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, оңтүстікте, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады. Түнде және таңертең оңтүстікте, солтүстікте, шығыста тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең күн күркіреп, бұршақ жауады, тұман түседі.

Қостанай облысында батыста, оңтүстікте, шығыста таңертең және күндіз найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батыста, оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі төтенше, батыс пен шығыста жоғары болады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Күндіз +35 ыстық болады. Батыста, оңтүстікте, шығыста өрт қаупі жоғары. Павлодарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел 15-20 м/с, жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыс аумағында 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Оңтүстікте күндіз +36 ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл, 20 м/с жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау облысында күндіз солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста, орталықта найзағай ойнайды, күндіз дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады: түнде батыста, шығыста екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста, орталықта кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғып, жел 23 м/с күшейеді, өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с жетеді. Күндіз +35...+38 градус ыстық. Өңірде өрт қаупі жоғары, оңтүстікте өте жоғары. Өскеменде найзағай ойнап, жел 18 м/с күшейеді, аптап ыстық +36...+38, өрт қаупі жоғары.

Абай облысында түнде солтүстікте найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады: түнде солтүстікте – 15-20, күндіз батыста, солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. +35...+38 ыстық болады. Аймақта жоғары өрт қаупі бар, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта өрт қаупі өте жоғары. Семейде найзағай ойнап, жел 18 м/с күшейеді, +36...+38 аптап ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Қонаевта желдің екпіні 20 м/с жетеді.

Жетісу облысында батыстан жел соғады, күндіз батыста, орталықта, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда желдің екпіні 20 м/с болады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, тауларда екпіні 15-20 м/с. Таразда төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік және батыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. Түркістан қаласындажел 20 м/с күшейеді, өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында түнде батыста найзағай ойнайды, күндіз орталықта шаңды дауыл соғады. Орталықта батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл соғады, жел 17 м/с күшейеді, өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында қатты жаңбыр, түнде шығыста бұршақ жауады. Солтүстікте, түнде шығыста, күндіз солтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Шығыстан солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысында күндіз батыста найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыста және орталықта өте жоғары өрт қаупі бар, батыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Атырауда өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, батыста бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар, солтүстікте, батыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда найзағай ойнап, өте жоғары өрт қаупі сақталады.