Батыс Қазақстанда кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған

26 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, олардың дені 17 жаста, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Төртеуі ауылдық жерде тұрады екен. Ойнаймын деп от басқан 9 қыз сәбиін аман-есен өмірге әкелген. Дәрігерлер ана мен баланың денсаулығы қалыпты десе де, ерте жүкті болу зиян екенін ескертеді. Өйткені толық жетілмеген жасөспірімнің ағзасы бала көтеруге дайын емес. Сондықтан жастардың жыныстық сауатын ашу керек дейді.

"Жастар денсаулығы орталығымен 2025-тің 6 айында 15 361 кеңес өткізілді. Бұл кеңестің барлығы келіп-кеткендер ғана емес, сонымен қатар мектептерге, оқу орындарына барып, ерте жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында жүргізіледі", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айнагүл Нұрболатқызы.