Теннисші Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалына шықты

26 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.