Алматыда компанияларға кибершауыл жасаған күдікті ұсталды

26 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰҚК

Алматыда компанияларға кибершауыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Шілде айында Алматы қаласында ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

"Ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен", - дейді ведомство.

Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.