Қазақстандық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақтағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Жартылай финалда Бублик Нидерланды елінің өкілі, қазіргі таңда АТР рейтингінде 103-орында тұрған Ботик Ван де Зандшулпты 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Қарсыластар арасындағы матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик тоғыз эйс жасап, тоғыз үзіліс мүмкіндігінің үшеуін тиімді пайдаланды. Дегенмен, ол алты қос қателікке жол берді.
Бұған дейін ширек финалда Александр Бублик өз отандасы Александр Шевченкомен кездесіп, оны да сенімді түрде жеңген болатын.
Финалда Бублик Францияның 100-ракеткасы Артур Казомен кездеседі. Бұл матчта Александр Кицбюэль турнирінің чемпиондығы үшін таласады. Айта кету керек, бұл – Бублик үшін ATP 250 турниріндегі қатарынан екінші финал.
Александр Бублик 2025 жылғы маусымда сәтті ойын көрсетуде. Франция ашық чемпионаты мен оған дейінгі дайындық турнирлерін қоса есептегенде, ол биылғы жылы 11 матчта жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген. Жеңіліс ¼ финалда “Ролан Гаррос” турнирінде тіркелген болатын. Ол кезде Бубликті итальяндық Янник Синнер тоқтатты