Алматының Кеңсай шағынауданында да 25 шілдеде өрт шықты. Тұтанған өрт шамамен 22:39-да ауыздықталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Қала басшысының тапсырмасымен оқиға орнына қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов барды.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ең әуелі тілсіз жаудың тұрғын үйлерге таралуына жол бермеуге күш салды. Сағат 22:39-да өрт оқшауланды, халыққа төнген қауіп жоқ. Қазір өрттің соңғы ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр. Барлық қажетті күш-құрал жұмылдырылды, оған коммуналдық қызмет пен арнайы техника да тартылған", — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 19:53-те Медеу ауданына қарасты Кеңсай шағынауданында, Сәрсенбаев көшесінің бойында құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққаны туралы хабарлама Оперативті басқару орталығына келіп түскен.