Бүгін, 26 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етіп, ауа сапасының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдай – бұл атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты метеофакторлардың жиынтығы, - делінген ресми мәлімдемеде.
Синоптиктер қала тұрғындарына қажетсіз жағдайда сыртқа шықпауға, әсіресе жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу органдары ауруларымен ауыратын азаматтарға сақ болуға кеңес береді.